Казак кыздары минусовка Кайрат Нуртас & Торегали Торали




Список песен исполнителя Кайрат Нуртас & Торегали Торали

Кайрат Нуртас & Торегали Торали - Казак кыздары (минусовка)

Исполнитель: Кайрат Нуртас & Торегали Торали

Название: Казак кыздары (минусовка)

Читали раз: 1108

Текст песни:

Қазақ қыздары

1. Қазақ қызы намысым, сыңғырлаған сезімдей.
Айша бибі, Домалақ аналардың көзіндей.
Баян сұлу, қыз Жібек, Еңліктердің өзіндей.
Намысыңды ерлерім қорғаса екен көз ілмей.
2. Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған,
Ләззатым мен Сабирам гүлім еді жайқалған.
Фаризам мен Марфуғам елдің сөзін айта алған,
Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман.

3. Күләшім мен Майрам бар, осыдан біл анам кім?
Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның.
Мәдина апам жезтаңдай, ақбаяны даламның,
Қыздарым бар осындай, кім қазаққа тағар мін?

4. Қызын туған батыр болып, ар сатуға хақың жоқ,
Аналарды кешегі аңсатуға хақың жоқ.
Қабырғасын халқымның қаусатуға хақың жоқ,
Қазақ қызы, жаныма сенен артық жақын жоқ.
5. Әдебиетте Айман мен Шолпан қыздай жүректім,
Күй ойнаса, Дина апам қылын шерткен жүректің.
Бүгін Мақпал апамдай сахынаға гүл еккін,
Қазақ қызы, сендерге ең тәттісі тілектің.

6. Бір қыз маған жар болып, көңілімді байытсын,
Дархан дала мен болсам, Ертіс, Еділ, Жайықсың.
Болсам егер ескегің, көлде жүзген қайықсың,
Қазақ қызы, қазақтың жігітіне лайықсың



Комментарии:

Добавить комментарий