Тап-таттисин Апош Сарбаз




Список песен исполнителя Апош Сарбаз

Апош Сарбаз - Тап-таттисин

Исполнитель: Апош Сарбаз

Название: Тап-таттисин

Читали раз: 772

Текст песни:

Өмірім сенен ғана бақ тапты шын,
Жанымды, жырымды ұғып, жаттап түсін.
Шашбаулы шап-шақ мүсін,
Нәп-нәзік аппақ құсым.
Сен неге тәп-тәттісің, тәп-тәттісің.

Қараған көзің қандай пәк еді шын,
Сөзіңе жүрек от боп, жан ерісін.
Жаралған әлем үшін,
Қай жанның әлегісің?
Сен неткен әдемісің, әдемісің

Бөленіп тұрған кезде арайға ендің,
Мен сені бақытыма балай бердім.
Қасыңа таяй бердім,
Жүзіңнен арай көрдім.
Мен саған қарай бердім...

Сезімім қалар мәңгі сақтап күшін,
Ақ гүлі махаббаттың бақ тапты шын.
Шашбаулы шап-шақ мүсін,
Нәп-нәзік аппақ құсым.
Сен неге тәп-тәттісің, тәп-тәттісің?



Комментарии:

Добавить комментарий